
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Д.Оразақаевтың, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері А.Тойшыбаев пен С.Зейнуллинның қатысуымен ағымдағы жылдың 30-шы қыркүйек күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен Шөптікөл ЖОББМБК-де мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандус, арнайы қоңырау батырмасының орнатылуымен, мекемеге келген қызмет алушыларға арналған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» жұмыс істеп тұруына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің көрінетін жерде ілулі тұруына бақылау жүргізілді.
Бақылау қорытындысына сәйкес аталған мекемелерге қызмет сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.