Жолданымдар мәселесі талқыланды

Жолданымдар мәселесі талқыланды

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі күні аудан әкімі аппараты аудандық прокуратурамен бірлесіп Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне түсінік жұмыстарын жүргізу бойынша кеңес өткізді.  

Аталған кеңеске Қаратөбе ауданы прокуратураның прокуроры Е.Нұрмағамбетов, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Елбаев, аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Сахипов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бозов, аудандық бөлімдердің мамандары қатысты.

Кеңес барысында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Карменов  ағымдағы жылдың 8 айында жергілікті атқарушы органдармен қаралған жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары жөнінде атап өтсе, Қаратөбе ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Нұрмағамбетов ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының» талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде түсінік берді.

Кеңес барасында күн тәртібіндегі мәселе бойынша қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар берілді.