Сессияда бірнеше мәселе қаралды

Сессияда бірнеше мәселе қаралды

15 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық мәслихаты залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІ сессиясы өтті.

 Жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.

Сессиядағы бірінші мәселе бойынша сөз алған Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаев Қаракөл ауылдық округі  бойынша атқарылған жұмыстарды  баяндады.

Сонымен қатар жиында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының атқарған жұмыстары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары  тыңдалып, басқа да мәселелер қаралды.

Сессияда аудандық мәслихат депутаттары Нұрлыбек Айтқалиев, Дулат Қоламанов, Гүлмира Тілеуғалиева сөз алып, хабарламашылардың есепті кезең бойынша атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз алып жастарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, әлеуметтік мәселелердің маңыздылығына тоқталды.