Жалпықазақстандық диктантқа азаматтар белсенді қатысты

Жалпықазақстандық диктантқа азаматтар белсенді қатысты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазу еліміздің барлық аймақтарында өтті. Бір мезетте ұйымдастырылған жалпықазақстандық диктантқа қаратөбеліктер де белсенді қатысты. 

Этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында өткен диктант «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбымен аталды.

Қаратөбе аудандық орталықталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткен жалпықазақстандық диктантқа азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жастар ұйымының өкілдері қатысты.