

Қаратөбе ауданы әкімі Ж.Асантаевтың аудан тұрғындары алдындағы жылдық жұмыс есебіне байланысты ауданға іс-сапармен келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Егізбаев аудан орталығындағы «Қаратөбе» спорт клубы жанынан 2018 жылдың ақпан айында ашылған фитнес клуб жұмысымен танысты.
Ауданның бір топ жастары фитнес орталығындағы көпбейінді тренажерлермен және басқа да бірнеше спорттық құрылғылардың көмегімен жаттығулар орындап, гір тастары мен зіл темірлерді көтеріп жатырған сәтте орталыққа келген өңір басшысының орынбасары Серік Рахметоллаұлы мен облыс әкімінің аудан бойынша қоғамдық өкілі Ғарапша Сахипов залдағы жас спортшылардың жаппай спортпен айналысып жатырғандығына ризашылық танытып, аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалғандығын тілге тиек етті.
Фитнес клубының нұсқаушы- әдіскерлері Ернар Есенжанов пен Шоқан Аманжанов жаттығушыларға кеңестерін беріп, өз деңгейінде қызмет көрсетуде.
Орталыққа келіп спортпен айналысушылар саны бүгінде 120 адамға жеткен. Жалпы ауданда бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосып, спортпен айналысушылар қатары 31 пайызды құрап отыр.
Аудан басшысы Жанат Асылханұлы облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлына аудан спортының жетістіктері туралы әңгімелеп берді.