


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев Қаратөбе ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысуға арнайы келді. Өңір басшысының орынбасары ауданға сапарында алдымен аудан орталығында салынып жатырған Алашорда және Қайыржан Хасановтың мемориалдық музей-кешенінде болып, құрылысымен танысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған игі іске белгілі өлкетанушы, журналист, ақын, прозаик жазушы Қ.Хасановтың ұлдары бастамашы болып, ғимарат құрылысын жүргізуде.
Кешен құрылысымен танысуға келген облыс әкімінің орынбасары С.Рахметоллаұлына атқарылып жатырған жұмыстарды баяндаған Ержан Хасанов музей-кешені туралы мағлұмат беріп, алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.
Күнбатыс Алашордашылардың «Қаратөбе сиезі» атауымен тарихта қалған сиез өткен мешіттің орнына салынып жатырған аталған музей-кешенінің құрылысы өткен жылдың тамызында басталған болатын. Музей негізгі үш залдан тұрмақшы. Алашорда тарихы залы және белгілі қаламгер, өлкетанушы Қайыржан Хасановтың шығармашылығына арналған зал, үлкен ресми шаралар өтетін 80-100 адамға арналған конференц зал жасақталмақшы. Сондай-ақ жылжымалы көрмелер ұйымдастырылатын холл-залы да болады.
Болашақта үлкен мәдени орынға айналмақшы кешен жұмысына жоғары баға берген облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орынға қойылған ескерткіш басында да болды.