«Жомарт жүрек» премиясы

«Жомарт жүрек» премиясы

31 тамыз күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» премиясына қатысты.

Шара барысында сөз бастаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы Қаратөбе ауданындағы оң істермен тың бастамаларға атсалысып, туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, «Жомарт жүрек» премиясының номинацияларын табыстады. Сонымен қатар, аудан дамуына үлес қосып жүрген меценаттар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айтулы шараға облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Туркина қатынасып, облыс көлемінде жасалып жатырған жобаларға кеңінен тоқталып өтті.