Аудандық тамыз кеңесі өтті

Аудандық тамыз кеңесі өтті

26 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде  «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі өтті.

Білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар мен сала ардагерлері бас қосқан кеңесте аудан әкімі білім саласындағы оң өзгерістерді атап өтіп, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиын барысында өткен оқу жылында абыройлы қызмет атқарған педагогтар құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.