“Ауылым - алтын бесігім!” атты жасөспірімдер мен студенттер экскурсиясы өтті

“Ауылым - алтын бесігім!” атты жасөспірімдер мен студенттер экскурсиясы өтті

Тамыз айының 24-і күні Қоскөл және Егіндікөл ауылдық округтерінде аймақтық “Ауылым - алтын бесігім!” атты жасөспірімдер мен студенттер экскурсиясы оздырылды.

Экскурсия мақсаты: өскелең ұрпаққа ауыл тарихын кеңінен таныту, насихаттау және ауылдар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, жасөспірімдер мен студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Экскурсия барысында Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы, Қаратөбе ЖРО жастары, Сырым жастарының атынан келген Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сәкен Нұркенұлы, “Сырым жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кайсар Яудаұлын және әр ауылдан келген жастарды Қоскөл ауылдық округі әкімі Мусағалиев Әділет Қайратұлы және жастар жетекшісі Жанболат Жалғасұлы күтіп алды.

Экскурсия қонақтары Қоскөл ауылдық округіндегі Бисекей әулие ата мешітіне соғып, құран бағыштап, Нұртас Набиоллаұлы сол жердің тарихын жастарға  түсіндірді. Экскурсияның келесі бағыты Егіндікөл ауылдық округіне жалғасты. Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Ермек Бекболатұлы мен жастар жетекшісі Бейімбет Жамбылұлы қарсы алды. Экскурсияға келген жастар ең алдымен, емдік қасиеті бар бұлаққа барды. Содан соң, елге аты мәлім " Құныскерей"үңгіріне барып, сол жердің тарихымен танысты.

🎗Құныскерей үңгірі- байтақ даланың тентек, тел өскен ерке ұл, батыры-Құныскерейге мекен болған жер

Аққозы ауылдық округінің жастар жетекшісі Бектұрсын Махамбетұлы қамшы өруден мастер-класс өткізіп, 6 өрімдік қамшы өруді көрсетіп, Сырым елінен келген қонақтарымызға тарту етті.