
22 тамыз күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев спорт күні қарсаңында спорт ардагерлері мен спортшыларды қабылдады.
Аудан әкімі спортшыларды айтулы мерекемен құттықтай келе, спорттағы жетістіктері үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында сала мамандарына облыс әкімінің, аудан әкімінің және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хаттары табыс етілді.