
19 тамыз күні Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қаракөл, Қаратөбе ауылдық округінде тұрғындармен кездесті.
Ақтайсай ауылында және аудан орталығында өткізілген халықпен кездесулерде округ әкімдерінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары тыңдалып, аудан әкімі өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға қойылды.
Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.