
Үстіміздегі жылдың 18 тамыз күні Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Егіндікөл, Қоскөл округтерінде тұрғындармен кездесті.
Халықпен кездесуде ауылдық округ әкімдерінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары тыңдалып, аудан әкімі атқарылатын жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға қойылды.
Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.