

27 қаңтар күні Мұхит атындағы ЖОББМ-де мектеп әкімшігінің және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мейіржан Асқарұлының ұйымдастыруымен жастарды қаһармандық рухқа бағыттау, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Айбынды жастар – ел қорғаны» атты курсанттармен кездесу кеші және «Алау-2020» әскери патриоттық жарысы оздырылды.
Кеш барысында Қазақстан Республикасының Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанттары ағайынды Болатбек, Батырбек Сакеновтермен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның әскери институты курсанты Заманбек Қойшыбаевпен сүбелі сұқбат жүргізіліп, оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
Қызығы мен қиыншылығы мол әскери өмірдің қыр-сырымен таныса отырып, мылтық атудан халықаралық жарыста жүлделі орын алған Батырбек Сакеновтың оқу-жаттығу кезінен әзірленген бейне ролигін тамашалады.
Шарада сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев сарбаздарға сәттілік тіледі.
Кеш соңында курсанттар «Алау-2020» әскери патриоттық жарысынан жүлделі орын алған сарбаздарға дипломдар табыстап, оқушыларды патриоттыққа, спортпен шұғылдануға шақырды.