Аудан әкімінің Аққозы, Саралжын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Аудан әкімінің Аққозы, Саралжын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында биылдан бастап әкімдер тоқсан сайын халықпен кездеседі.

Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі Аққозы, Саралжын ауылдық округтерінен басталды.

Халықпен кездесуде ауылдық округ әкімдерінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары тыңдалып, аудан әкімі атқарылатын жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.