
12 тамыз күні спорт күніне орай ҚР Президенті жанындағы "Dara" дарындыларды қолдау қорының" ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатырған "Тартыл fest Qaratobe" кермеге тартылудан аудандық жарысының ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев барлық аудан спортшыларын айтулы мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 40-тан астам спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар марапатталды.