Зейнеткерлік жасымен құттықтады

Зейнеткерлік жасымен құттықтады

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев 40 жылдан астам уақыт бір салаға табанды баcшылық етіп келген аудан азаматы, аудандық электр торабының басшысы Хасанғали Мырзагерейді  қабылдап, зейнеткерлік жасымен құттықтады.

 Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Хасанғали Ізғалиұлына аудандағы стратегиялық маңызы бар  салаға басшылық еткен  ұзақ жылдарғы абыройлы қызметіне алғысын білдіріп, облыс әкімінің орынбасары және өз атынан алғыс хат табыстады.

Аудан басшысының құрметіне ризашылығын білдірген Хасанғали Ізғалиұлы қиын да күрделі салаға басшылық еткен кезінде аудан басшылығы,  аудандағы мекемелер басшылары мен округтер әкімдерінің бірлескен еңбегінің арқасында сала жұмысының арта түскенін айтып, алғысын білдірді.   Хасанғали Ізғалиұлы жас буынға  жол ұсынып, алдағы уақытта сала ардагері ретінде кеңесін айтып, көмектесетінін жеткізді.

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты.