
Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері М.Ж.Кенжеғалиева және Н.Ж.Жоламановтың қатысуымен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сыбайлас-жемқорлық фактілерін азайту бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер қатынастары қызметтері, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық қабылдау жүргізу алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.