Көп балалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Көп балалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев көп балалы аналар, Сулыкөл ауылының тұрғыны Лариса Ақымғалиева мен Қаратөбе ауылының тұрғыны Гүлнұр Есқайрованы қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы көп балалы аналарға еліміздің демографиясының көтерілуіне қосқан үлестері үшін ризашылығын жеткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №934 Жарлығы бойынша берілген «Күміс алқа» және куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.