Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті

Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті

29 шілде күні аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында күн тәртібінде Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшының міндетін уақытша атқарушы Б.Жамбылованың кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектер туралы және кәмелетке толмағандардың бұзақылығының алдын-алу шараларын жүзеге асыру, қоғамға жат мінез қылықтары бар жасөспірімдерді анықтау бағытында атқарылған жұмыстар туралы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты А.Сайновтың хабарламалары тыңдалды.
Жиын барысында Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігімен олардың құқықтарын қорғау басты назарда екендігі және осы бағыттар бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.