АУЫЛ ӘКІМІ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

АУЫЛ ӘКІМІ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

28 шілде 2022 жылы Қоскөл ауылдық округінің әкімі Мусағалиев Әділет Хайратұлы Шалғын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Елмен етене болу-еңбек нәтижесін еселейді дегендей басшылық қызметіне жаңадан орналасқан Әділет Хайратұлы биылғы 6 айлықта атқарылған жұмыстарды баяндап және жоспарға сәйкес алда атқарылатын жұмыстары туралы ауыл тұрғындарын хабардар етіп, шешімін тапқан мәселелерді айтып, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Мұннан өзге тұрғындардың талап-тілектері тыңдалған басқосуда еңбегіне қарай ауылдық округ әкімінің жұмысына тұрғындар тарапынан тиісті баға беріліп жатты. Ауыл тұрғындары жаңадан келген ауыл әкімінің жұмысына ризашылығын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.