
27 шілде күні өңір басшысы Ғ.Есқалиев Қаратөбеге жұмыс сапарын республикалық маңызы бар Самара–Шымкент автокөлік жолы бойындағы «Ақжол» автокешеніне соғумен аяқтады.
«Феруза» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Ақжол» автокешенін аралаған облыс әкімі автокешен жұмысына оң бағасын берді.
Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автокөлік жолы бойынан «Ақжол» автокешені (автокемпинг) 2018 жылы салынған болатын. Автокешен ішінде жаңа үлгіде қонақ бөлме, асхана залы бар, шағын дүкен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Автокешенде 5 адам жұмыспен қамтылған.
Қазіргі уақытта нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2023 жылы іске қосу жоспарлануда.
2020 жылы автокешен жанынан автокөлікке жанар-жағармай құю бекеті құрылысы басталып, биылғы жылы іске қосылған болатын. Жаңадан 6 жұмыс орыны ашылып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды. Жанар-жағармай бекетінің жұмысымен танысқан облыс басшысы Ғ.Есқалиев шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер көп болса жергілікті жердің көркейіп гүлденуіне зор септігі тиетіндігін айтып, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.