Шалғындағы тұрғын үй және мектеп құрылысымен танысты

Шалғындағы тұрғын үй және мектеп құрылысымен танысты

27 шілде күні облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің Қаратөбедегі сапары Жусандой-Ханкөл-Шалғын-Қоскөл-Егіндікөл бағытындағы жоғары қысымды газ құбыры желісіндегі ақаулар орын алған бөліктерімен танысумен жалғасты.

Жоғары қысымды газ құбырының басында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған мамандармен дидарласқан өңір басшысы жасалынып жатырған жұмыстың сапалы, уақытылы жасалуын баса назарға алу қажеттігін атап өтті.
Одан соң Ғали Нәжімеденұлы бастаған топ көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен шалғайдағы Шалғын ауылына ат басын тіреп, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шалғындағы тұрғын үйлердің құрылысының жүру барысымен таныстырған мамандар, барлық жасалған жұмыстар мен алдағы атқарылар шаруаларды атап өтті.
Тасқын судан зардап шеккен 23 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС қолға алған.  
Күз мезгіліндегі жауын-шашынға, күннің суығына қалмай пәтерлеріне кірулерін басты назарында ұстайтындығын жеткізген өңір басшысы Ғ.Есқалиев құрылыс жүргізуші компания басшылығына үй құрылысын уақытылы, сапалы аяқтауға тапсырма беді.
Жері белгіленіп, құрылысы басталып жатырған 60 орындық Шалғын негізгі мектебінің құрылыс жұмысымен облыс әкімін таныстырған сала басшылары білім ошағының құрылысын басталар жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарланғанын атап өтіп, қосымша мәліметтер туралы да баяндап берді.