Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

27 шілде күні облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан орталығындағы «Halyk Bank» бөлімшесін аралағаннан кейін ауыл ардагерлерімен кездесті.

Басқосуда сөз алған аудан ардагерлері Орынғали Ермекқалиев, Мәулен Қожахметов, Рамазан Қыдырашев, Еркінбек Жәнібеков облыс әкіміне жылы лебіздерін айтып, Ақтөбеге қатынау үшін Жусандой ауылы арқылы Самара-Шымкент тас жолы аралығына асфальт төсеу, мал азығын мол жинау, аудан орталығына 83 тұрғын үй салынса, Қоскөл ауылының жолы Самара-Шымкент тас жолына жалғанса деген өтініштерін айтып, азық-түліктің шеттен тыс қымбаттауы турасында сауалдар жолдады.