Қос нысанның әлеуеті жоғары

Қос нысанның әлеуеті жоғары

27 шілде күні облыс әкімі Ғали Есқалиев ауданда жаңадан қолданысқа берілген және құрылыс материалдарын сататын «РайON center» сауда үйінде болып, жеке кәсіпкер Тоқтар Мерекеұлымен тілдесті.

Ғимарат ішін аралаған облыс әкімі халыққа қазіргі таңда құрылыс материалдарын қолжетімді бағада сату, сондай-ақ ішкі сұранысты қамтамасыз ету мәселесін сөз етті. Өз кезегінде «РайON center» сауда кешенінің иесі Тоқтар Мерекеұлы қазіргі таңда құрылыс материалдарын тасымалдау жағы қиын екендігін, құрылыс материалдарының басым бөлігі көршілес Ресей мемлекетінен тасымалданатынын жеткізіп, аздаған қиындықтар болатыныны жайында да сөз етті. Жеке кәсіпкер Тоқтар Мерекеұлы  негізінен тұтынушылар аудан тұрғындары мен жақын елді мекендердің халқы екендігін және тұтынушылар аудан орталығында да қажетті заттарын тез әрі оңай табулары үшін тиісті жағдайлар қарастырылып отырғандығын атап өтті. 
Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы жеке кәсіпкердің әлеуеті жоғары кәсібіне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарын сәттілік тіледі.
Сонымен қатар облыс басшысы жақында ғана халық игілігі үшін ашылған аудандағы «Halyk Bank» бөлімшесінде де болып, банктың қызмет жүйесімен танысты.
Аудан орталығында ашылған банк бөлімшесінің басшысы Эльмира Қайратқызы облыс әкімі Ғали Есқалиевке банктің қызметі туралы атап өтті. Оның айтуынша ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Залда тұрғындарға арналған арнайы күту залдары бар. Банктің арнайы қызметкерлері тұрғындарға қаржылық жүйелер бойынша тегін кеңестер береді. Қазіргі таңда бөлімшеде 9 қызметкер жұмыс жасайды. 
Аудандағы халық игілігі үшін ашылып, халыққа қызмет ұсынып отырған нысандардың жұмысына облыс әкімі Ғали Есқалиев сәттілік тіледі.