
Өңір басшысы Ғ.Есқалиев Қаратөбеге жұмыс сапарымен келді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы ауданға сапарын алдымен «Қоржын» мал сою кешенінің жұмысымен танысудан бастады. Облыс әкімі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқановпен кездесіп, шаруашылығында биыл 200 гектар жерге егілген суданка екпе шөбінің алқабын аралап көрді.Құсайын Ізімұлы мал сою кешенінің жұмысымен таныстырып, кешенде жасалынып жатырған жұмыстарға тоқталды.