Қаракөлде атқарылар шаруа көп

Қаракөлде атқарылар шаруа көп

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың жұмыс сапары Қаракөл ауылдық округінде жалғасын тауып, округ бойынша атқарылған жұмыстармен танысты.

Сапар барысында Ақтайсай ауылдық мәдениет үйінде аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесу барысында округ әкімі Эльдар Амантаев ағымдағы жылдың атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
– Округіміздің негізгі экономикалық бағыты мал шаруашылығы. Округте 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2510 бас ірі қара (2018 жылы 2562 бас, -52), 4876 бас қой-ешкі (4222 бас, +654), 512 бас жылқы (405 бас, +107) және түйе 4 басты құраса, 3313 цн ет, 8425 цн сүт өндірілді.
Сонымен қатар 9 шаруа қожалық (былтырғы жылы 13 ШҚ) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасына қатысып, асыл тұқымды аталық бұқалар мен қошқарлар сатып алып, 2 млн 212 мың теңге демеу қаржыға қол жеткізді.
Округ бойынша «Аққайыр», «Аялан» және «Орын» шаруа қожалықтары өз қаражаттарына, «Құттымұрат» ШҚ-ы лизинг әдісімен жаңадан прессподборщик сатып алды.
«Терра» ЖШС-нің мал бордақылау алаңына 11 бас бұқашық, «Кублей» ЖШС-не 57 бас мүйізді ірі қара ,88 бас қой, 64 қозы тапсырылды.
Шаруалар қолда бар ауыл шуаруашылық техникаларын жөндеп, қарсы техникалық байқаудан өткізіп мал азығын дайындау науқанына 18 трактор қатынасып 2019 жылы 4180 тонна мал азығы дайындалды. (жоспар 5000 тонна). Бір тіркеме шөптің бағасы 20-25 мың теңгеге бағаланса, 1 бума шөп 2000-2500 теңге аралығында сатылды.
Округ бойынша 2718 бас мүйізді ірі қарадан, 3712 бас қой-ешкіден, 7 бас жылқы және 4 бас түйе малдарынан бруцеллез ауруына қан сынамалары алынып, ауру анықталған 63 бас ірі қара, 10 қой-ешкі малын арнайы мал сою орындарына тапсырылды, ауру шыққан аулалар толық бұқырланды. Сонымен қатар аса жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді, - деді өз сөзәнде округ әкімі Эльдар Ниязбекұлы.
Сонымен қатар биылғы жылы ауылдың тұрақтылығын сақтау, мүмкіндікке қарай инвестиция тарту, жұмыспен қамту шараларын қарастыру. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын арттыру. «Шыңғыс-Телсу» мұнай кен орнының бұрғылау жұмыстарының басталуына орай, ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру. Ақтайсай ауылына 5 көше, Алакөл ауылына 3 көше, Қоскөл ауылына 1 көше шамдарын қосымша орналастыру сынды ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.

Аудан әкімі Жанат Асылханұлы аудан көлемінде ағымдағы жылдың атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
- Өткен жылы 532 аз қамтылған және көп балалы отбасылардан (2436 адам) құжаттар қабылданды. Нәтижесінде 381 отбасына (1978 адам) 187 млн. 967 мың 600 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (2018 жылы 157 отбасы (763 адам АӘК алды)). Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарына 4 отбасы 21 адамға 120 мың 300 теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
2020 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен табысы асып кеткен отбасылар саны 82. Олардың қайтаратын көлемі – 8 млн. 754 мың 200 теңге. Қазіргі таңда осы отбасылардың ішінен 27 отбасы 1млн. 903 мың 500 теңге қайтарды, - деді аудан басшысы.
Есептік кездесу соңында тұрғындар сұрақтарын қойып, аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.