
Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, ақын А.Қауеновтың 70 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұңқары ең...» республикалық ақындар айтысы өтті.
Қасиетті Қаратөбе топырағын алты алашқа айтыс өнерімен танытқан Александр Қауеновке арналған мәдени шараны алғы сөзбен ашқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ақындар айтысына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айтысқа Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-ұстаз Дариға Мұштанова, айтыскер ақын, композитор Ерікқали Ахметов, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын-ұстаз Үзілдік Елеубайқызы, айтыскер ақын Жандос Әмірғали, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов қазылық етті.
Айтысқа әр аймақтан 14 ақын келіп қатысты. Айтыс қорытындысында жүлделі орындарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Шара соныңда Александр Қауеновтың үлкен ұлы Шынтас Александрұлы сөз сөйлеп, әкесін ұмытпай өз туған елінде аламан айтыс өткізген жерлестеріне және ұйымдастырушыларға отбасы атынан алғысын білідірді.