Сенат депутаттары тұрғындармен кездесті

Сенат депутаттары тұрғындармен кездесті

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ляззат Рысбекова Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудан басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева қатысты.

Аудандық  мәслихаттың мәжіліс залында өткен кездесуде Сенат депутаты Нариман Төреғалиұлы сөз сөйлеп,  Сенат жұмысы және елімізде өткен жалпыхалықтық референдумда  Ата Заңымыздың 33 бабы бойынша 56 өзгеріс енгізілгендігін, сонымен қатар жоғары палата Сенатта қабылданған заңдардың көпшілігі әлеуметтік және ауылшаруашылығы саласына, адам құқығына бағытталғанын айтты.

Жиынға қатысушылар тарапынан тұрғын үй қатынастарына қатысты, бағаның қымбаттауы, жер мәселесі, тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізу, жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту турасында сауалдар қойылды.

 Ханкөл ауылындағы жиында ауыл тұрғындарды тұрақтандыру мақсатында ауыл мектебін сақтап қалу, жаңа мектеп салу, жарық және жол туралы мәселелерді  алға тартты.

Сонымен қатар Сенат депутаттары Республикалық дәрежедегі Шымкент-Самара тас жолы бойында орналасқан жанар-жағар май станциясында болып,  нысан иесі кәсіпкер Серік Жолымбетовпен талқылады. Көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын ауылындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.