Конкурстың аудандық кезеңі қорытындыланды

Конкурстың аудандық кезеңі қорытындыланды

18 шілдеде "AMANAT" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысына сай шара өтті. 

Бірнеше жылдан дәстүрлі өтіп келе жатырған атаулы конкурстың аудандық кезеңіне биылғы жылы 4 отбасы қатысты.

Аталмыш шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин алғы сөзімен ашты.

«Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Ыбырайқызы сөз сөйлеп, конкурстың аудандық кезеңіне қатысқан Аққозы ауылдық округінен Аққалиевтер, Жусандой ауылдық округінен Қойшиевтер, Сулыкөл ауылдық округінен Есқалиевтер, Саралжын ауылдық округінен Ерғожиндер отбасыларына алғысын білдіріп, марапаттар мен аталымдар және сыйлықтар табыстады.

Шара барысында аталмыш конкурстың жеңімпазы ретінде танылған Аққалиевтер отбасының отағасы Қылыш Аққалиев, «Өнерлі отбасы» аталымын иеленген Есқалиевтер отбасының отағасы Бақтыбай Есқалиев, «Ізгілікті шаңырақ» атанған Ерғожиндер отбасының отағасы Ертілеу Ерғожин өз пікірлерін ортаға салып, конкурстың аудандық кезеңін ұйымдастырушы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы мен «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Ыбырайқызына алғыстарын айтты.

Аудандық кезеңінің жеңімпаздары болып танылған Аққалиевтер мен Қойшиевтер отбасылары конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.