


Қоскөл ауылдық округінде өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Жанат Асылханұлы және ауыл әкімі Қанат Мұратұлы ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті.
Жиында алғаш сөз кезегін алған ауыл әкімі Қанат Мұқанов :
– Өткен жылы ауыл тұрғындарынан түскен 4 өтініш түсіп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Тұрғындардың Шалғын ауылына дейінгі жолды қыс мезгілінде күтіп ұстау, Қоскөл ауылдық округінің амбулаториялық пунктінің жедел жәрдем көлігі жаңарту, Шалғын фельдшерлік пунктін уақытылы дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету туралы өтініштері толық орындалып, Шалғын ауылына ауыз су құбырын жүргізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша жер асты таза су көзін іздеу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте елді-мекенге ауыз су тарту бойынша аудан басшылығына ұсыныс енгізілді,- деп өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды саралады.
Аудан басшысы баяндамасында:
– Цифрландырудың тағы бір бағыты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсету үлесін арттыру. Осы бағытта жер таңдау актісі ақпараттық жүйесі іске қосылды. Аудан бойынша электронды көрсетілетін қызметтердің үлесі 79 пайызды құрап отыр.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 11 елді-мекен (Қаратөбе, Жусандыой, Қарақамыс, Ақтайсай, Шөптікөл, Үшағаш,Соналы, Сулыкөл, Ханкөл, Егіндікөл, Қоскөл) талшықты-оптикалық байланыспен қамтылды. Алдағы уақытта елді мекендерді интернет желісіне қосу жұмыстары жалғасын табады. Сонымен қатар, Төлен, Ханкөл, Бесоба, Сәуле, Шалғын, Соналы, Қаракөл, Қоржын, Алакөл елді мекендеріндегі ұялы байланыс өзекті мәселелер қатарында,- екенін атап өтті.
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне және бөлім басшыларына қазіргі таңда малдың терілері, жүндері далаға лақтырылып, пайдаға жарамай жатқанын айтса, жастар балаларды өздері күреске дайындап, жаттықтырып жүргендерін айтып, қолдау көрсетілсе деген ойларын жеткізді.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.