Аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер қоғамдық кеңесі, консультативті-кеңесші орган отырысы өтті

Аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер қоғамдық кеңесі, консультативті-кеңесші орган отырысы өтті

7 шілде күні аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер қоғамдық кеңесі, консультативті-кеңесші орган отырысы өтті. Бірнеше жылдар пандемия салдарынан тұралап қалған комиссия қайта жаңғыртылды. Кәсіпкерлік саласының дамуы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Кеңес барысында комиссия мүшелерімен бірлесе отырып кәсіпкерліктің жаңа даму бағыттары талқыланды. Бұл жұмысшы орган кәсіпкерлер мен атқарушы билік арасындағы диалог алаңына айналуы тиістігі аталып өтті. Кеңес соңында елімізде өткен маңызы зор саяси науқан референдумға ат салысқан белсенділер мен ауданның қоғамдық саяси өміріне араласып жүрген азаматтар марапатталды.