«Жолда қабылдау» акциясы жүргізілуде

«Жолда қабылдау» акциясы жүргізілуде

Бүгін «Nur Otan» партиясы ғимаратында Қаратөбе аудандық ІІБ қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бірлесіп, «Жолда қабылдау» атты республикалық акциясын өткізді.

Тұрғындар ТЖБ-нің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэльс Искаковқа Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу және өрт сөндіру қызметіне жұмысқа орналасу жөнінде мәселелермен жолықты.
ПБ қызметкерлеріне жолыққан аудан тұрғындары шетелдік көліктерге қатысты сауалдарын қойды. Себебі ҚР Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жол қозғалысы туралы» заңға түзету енгізіп, Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылап, тіркеуге алуды міндеттеген болатын. Осы мәселеге байланысты қарапайым халық түрлі пікірлер білдіруде.