Құстарға қамқорлық акциясы

Құстарға қамқорлық акциясы

15 қаңтар күні Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы педагогтарының ұйымдастыруымен «Құстарға қамқор болайық» атты акция оздырылды.

Акцияның басты мақсаты – оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін қалыптастырып, өлкемізде қыстап қалатын құстарға қамқор болуға баулу болып табылады.
Жер бетінде 8600-ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500-дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерде шымшық, торғай, кептер, суықторғай , қарға, сауысқан ұшпай қыстап қалады, ал қалған құстар жылы жаққа ұшып кетеді екен.
– Аталған акцияға орталықтың педагогтары мен үйірме оқушылары қатысты. Акция шеңберінде үйірме оқушылары құстарға арнап жемшашар мен үйшіктер жасап, орталық саябаққа ілді. Үйірме оқушыларына қанатты достарға қамқор болу, оларды аялау керектігін, құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтті. Алдағы уақытта жемшашарлар мен ұялар үйірме оқушыларының бақылауында болады, - дейді Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастырушы педагогы Гүлнұр Габдушева.