Облыстық конференция ұйымдастырылды

Облыстық конференция ұйымдастырылды

Қаратөбе ауданында Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай, «Жаһанша Досмұхамедов – Тәуелсіздік жаршысы» атты облыстық конференция ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев облыстық конференцияның ашылу салтанатына қатынасып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференцияға Алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Жаһанша Досмұхаметов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен Сүлейменова, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова, «Дала көкжалы» кітабының авторы, белгілі журналист Мұнайдар Балмолда, тарих магистрі, Алаштанушы Надия Жастлек және аудандық кітапханалардың директорлары мен кітапханашы, тарихшылар қатысты.

Ауданға келген меймандар «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде күрделі жөңдеуден өткен, заманауи талаптарға сай жабдықталған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде болып, кітап қорымен және оқырман залдарымен танысып өтті. Одан кейін ауданымызда келбеті көз тартатын нысандардың бірі, Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейі жанында орналасқан кезінде «Қаратөбе сиезі» өткен «Алаш» саябағына гүл шоқтарын қойды.