Жас әкім іске кіріспек

Жас әкім іске кіріспек

Бүгін аудан әкімі Жанат Асантаев Қаракөл ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды.

Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 9 қаңтардағы №1 санды қаулысына және Қаратөбе ауданы әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №7 өкіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижесін алған күнге дейін Қаракөл ауылдық округі әкімінің міндеттерін уақытша атқару үшін Амантаев Эльдар Ниязбекұлы сайланды.

Аудан әкімі Жанат Асантаев жаңа әкімді ауыл активіне таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл тұрғындары жаңадан тағайындалған ауыл әкіміне алдағы қызметіне сәттілік тілей келе, осы кезге дейін Қаракөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген, Нұржан Хамидоллаұлы Сахиповке атқарған еңбегі үшін алғыстарын білдірді.
Э.Амантаев - 1989 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылында дүниеге келген.
2006-2010 жылдары Жәңгір хан атындағы агротехникалық университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша және 2014 – 2016 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы педагогикалық университетін «Дене шынықтыру мамандығы» бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлерінің қауымдастығында қызметкер болып бастап, 2011 жылы «Казстроймост» компаниясында инженер қызметін атқарған.
2011-2015 жылдары «Қарлығаш» бала-бақшасының қызметкері.
2015-2017 жылдары Қоскөл ауылдық жастар ресурсының жетекші маманы қызметін атқарған.
2017 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарып келген.
Жанұялы, 3 қызы бар.