


Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен жиналыста аудан әкімі Жанат Асантаев аудан активіне Қаратөбе аудандық сотына жаңадан тағайындалған сот төрағасы Шүкіров Мереке Өтепқалиұлын таныстырды.
Актив жиналысында Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жұмағұлов Ақан Маратұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қаратөбе аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған Мереке Өтепқалиұлының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауданда сот төрайымы болып абыройлы қызмет атқарған Бақытгүл Шабайқызының еңбегіне зор ризашылығын білдірді.
Актив жиналысында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Қадыржан Сүйеуғалиев мерзімге сай жоғары деңгейде жұмыс жүргізген Бақытгүл Жәңгірованың жұмысына сәттілік айтып, аудандық сот мекемесіне жаңадан тағайындалған сот төрағасы Мереке Шүкіровтің алдағы қызметіне толайым табыс тіледі.
Жаңа сот төрағасы Мереке Өтепқалиұлының аудан тұрғындарының өтініш - тілектерін шешу, халықтың аудандық сот жұмысына деген сенімін арттыру бағытында жұмыс жүргізетіндігіне үлкен сенім артамыз, - деді Қадыржан Орынбасарұлы.
Бақытгүл Жәңгірова ауданда сот төрайымы қызметін атқарған кезде қоғамдық ұйым өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізді. Аудандағы алқа билер мен кәсіпқой емес медиаторлар жұмысына көп көңіл бөлді. Заңдылықтарды түсіндіру мақсатында аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі және аудандағы қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе аудан округтерінде болып, халық арасында түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізді. Тұрғындардың талап – арыздарының орындалуы жолында елеулі еңбек етті.
Қаратөбеліктер Б.Шабайқызының еңбегіне зор ризашылықтарын айтып, жаңа сот төрағасы М.Өтепқалиұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айтулы алқалы жиынға құқық қорғау, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, аудандағы бөлім басшылары мен аудан орталығындағы мекемелер басшылары қатысты.