Қаракөл ауылдық округінің әкімі сайланды

Қаракөл ауылдық округінің әкімі сайланды

Бүгін 9 қаңтар күні Қаратөбе ауданында Қаракөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Алдымен, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали сайлауды өткізу тәртібін таңдаушыларға таныстырып, сайлаудың басталғадығы жөнінде хабардар етті.
Қаратөбе аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат таңдаушы болып қатысты. Депутаттар өз таңдауларын жасады.
Қаракөл ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлы жариялады.

Сайлау қорытындысы бойынша 5 дауысқа ие болған Амантаев Эльдар Ниязбекұлы Қаракөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.