


31 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев бастаған бір топ лауазымды тұлғалар Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақовтың жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Аудан басшысы Жанат Асылханұлы ҰОС ардагері Құрманғали ақсақалдың үйіне барып, қазыналы қарияға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің сәлемін жеткізді. Ардагерге зор денсаулық пен күш-қуат, отбасы амандығын тілеген аудан басшылығындағы азаматтарға Құрманғали ақсақал ақ батасын беріп, құттықтай келгендеріне ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының құттықтау хатын «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе филилы төрағасының орынбасары Нұрлан Жақанұлы табыстады.