
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында биылдан бастап әкімдер халық алдында тоқсан сайын есеп береді.
Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінен басталды.
Алдымен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен, референдум учаскелерінің дайындық барысымен танысты.
Халықпен кездесуде ауылдық округ әкімдерінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстары тыңдалып, аудан әкімі атқарылатын жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.