Мұхит атындағы "Ғибрат" сыныбы ашылды

Мұхит атындағы "Ғибрат" сыныбы ашылды

Б.Қаратаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1990 жылғы мектеп бітірген түлектердің демеушілігімен дарынды дала бұлбұлы М.Мералиев атындағы "Ғибрат" сыныбы ашылды.
Үш жүзден ән оздырған сал Мұхиттың атындағы өнер сыныбының негізгі мақсаты дәстүрлі өнерді қайта жаңғырту болып табылады.
Ашылу салтанатының лента қию рәсімін ардагер ұстаз Ғарифолла Шамғоновпен аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Орынбасарұлы жүргізді.
Өнер сыныбының ашылу салтанатында сөз алған "Нұр Отан" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов сыныптың алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан тарихы туралы кітаптар сыйға тартты.
Сал Мұхиттың құрметіне ашылған "Ғибрат" сыныбы – туған жерінің тарихын құрметтейтін, білім мен өнерді қатар игерген, жан-жақты тұлғаларды тәрбиелеп, өз алдына қойған биік мақсаттарға жету жолында аянбай жұмыс жасап, өнерлі шәкірттерге жол сілтейтін, үлкен орталыққа айналары сөзсіз.