Қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдау өткізді

Апта соңында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді.
Айта кету керек партиядан қолдау күтіп, хал-жағдайын айтып келген тұрғындар ұсынысын мұқият тыңдаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы оларға нақты жауаптар қайтарып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, аталған мәселелерді аяқсыз қалдырмай бос жұмыс орындарын ұсынды.