13 мамырда аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және мекеме басшылары қатысты.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысында жазғы маусым кезінде дала өртінің алдын алу, жаз мезгілінде су жағалауында суға шомылудың қауіпсіздігін қадағалау, және жазғы лагерлерде жазғы бассейндер ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Жиын барысында Қаратөбе ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэльс Искаков баяндама жасап, Қаратөбе ауданы аумағында 2022 жылдың 4 айында далалық жану және далалық өрт оқиғасы тіркелмегендігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша 2022 жылғы жазғы суға шомылу маусымында аудан аумағында орналасқан су айдындарындағы адам өлімін алдын алу бойынша жоспар жасақталды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне тиісінше тапсырмалар жүктеді.
"Қаратөбе өңірі" газеті