Төтенше жағдайлар қызметінде ашық есік күні

Төтенше жағдайлар қызметінде ашық есік күні

Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде Соналы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу» атты ашық есік күні өтті.

Құтқарушылар оқушыларды өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерімен және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттермен таныстырды.
Экскурсия барысында қонақтарға жауынгерлік көлік құралдары, өрт сөндірушілердің қызметтік бөлмелері, байланыс пункті, қарауыл қызметінің демалыс бөлмесі таныстырылып, оқу залдарын көрсетті.
Оқу залына жиналған оқушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «І2NIK» компаниясымен бірлесе отырып қосылған «DARMEN» мобильді қосымшасының дауылды гидрометриологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы хабарды уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні жайында түсіндірілді.
Балалардың назарына жедел қызметтеріне жалған қоңырау шалуға болмайтындығын және сол мезетте басқа адамдарға көмек қажет болуы мүмкін екендігі жөнінде ескертілді.