Референдум – еліміздің болашағын айқындайды

Референдум – еліміздің болашағын айқындайды
11 мамыр күні ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды түсіндіру мақсатындағы аудандық қоғамдық штаб мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жүздесті.
Референдумға байланысты құрылған аудандық штаб құрамында әр саладан жасақталған 24 адам бар.
Жиында сөз алған штаб төрағасы Абат Зейнуллин еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған орай ауылдық елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, ауыл тұрғындарын заңға енгізілетін өзгерістермен таныстыру қажет екенін атап өтті.
Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов халықпен тығыз жұмыс жасауда саяси белсенділікті арттыру қажеттігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, отырыс барысында штаб мүшелері еліміздің негізгі Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы әңгімеледі. Жиынға қатысушылар тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін еркін түрде ортаға салды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті