Мәңгілік алау басында туған жеріне оралмаған жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, тыл ардагерлерін, салтанатты жиынға қатысушы қаратөбеліктерді Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шараға тылда елеулі еңбек еткен тыл ардагерлері Орынғали Ермекқалиев, Сайлау Фазылов ағаларымыз, интернациналист жауынгерлер Ерболат Иманғалиев пен Батырбек Жұмағалиев қатысты.