
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж.Жылқышиеваның, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, жер қатынастары бөлімінің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық қабылдау жүргізілген болатын. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу, жастар практикасымен жұмысқа орналасу жөнінде сұрақтар қойылған болатын. Сұрақтардың барлығына қоғам өкілдерімен сала мамандары толықтай жауап беріп, түсінік берді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық қабылдау жүргізу алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.