Сәуірдің 18-і күні аудандық мәдениет үйінде Қаратөбе ауылдық округінің көктемгі маусымдық жұмыстарға байланысты тұрғындармен кездесу жиналысы оздырылды.
Аталмыш жиынға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысты.
Тұрғындармен кездесуде округ әкімі Берікқали Муса мал бағымы мен тазалыққа қатысты жұмыстарға тоқталды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, ауыл әкімі Берікқали Муса және аудандық ветеринариялық станциясы басшысының орынбасары Азамат Есенаманов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Елдос Әмірғали учаскелік полиция инспекторы Төлеген Наурызалиндер түсініктер берді.
Аудан басшысы Қ. Сүйеуғалиев округ әкімі Б.Мусаға көше комитеттерінің жұмысын жандандыруды, жиналыста талқыланған мәселелерді орындау бағытында бірқатар тапсырмалар берді.
"Қаратөбе өңірі" газеті