«Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі Қаратөбеде

«Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі Қаратөбеде

Қазақстан Республикасы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Светлана Тенишева Қаратөбе ауданына іссапармен келді.

Алдымен аудан әкімі Жанат Асылханұлының қабылдауында болып, Қаратөбе ауданы бойынша аталған ұйымның өкілі Ранида Рафикқызын таныстырды.
Қабылдаудан соң аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен жиын өтті.
Өз сөзінде Жасұлан Кәрелұлы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің халықтар арасындағы достық пен түсіністікті орнатуда маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. Сондай-ақ, осы арқылы жастарды кішіпейілділікке шақыру біздің мақсаттарымыздың бірі. Яғни, қиын кездерде қол ұшын созу арқылы игі істер жасап жатқандарын сездірту деді.
Жиын барысында ұйым өкілі Светлана Тенишева бірлестіктің атқаратын қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ ұйымның мақсаты турасында сөз қозғады.
- Ұйымның мақсаты кез келген жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсету. Халыққа көмекті дер кезінде және жеткілікті мөлшерде көрсетуге жұмыстану,- дейді Светлана Тенишева.
Кездесуде әжесінің тәрбиесіндегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршінге 27000 теңгенің сертификаты табыс етілді.
Кездесуге қатысушылар ойландырған сұрақтарын қойып, жаңа ақпараттармен танысты.
Сондай-ақ ұйым өкілдері аудандық ТЖ қызметінде, Қаратөбе мектеп-гиназиясында болып алғашқы көмек көрсету жолдары бойынша тренинг көрсетті.
Төтенше жағдайлар бөлімінде өткен кездесу барысында түтінге тұншыққан немесе күйік шалған, т.б. жағдайларда жедел-жәрдем жеткенше қандай алғашқы көмек жасалу қажет екенін сарбаздарға көрсетті.