Аудан бюджетіне өзгерістер енді

Аудан бюджетіне өзгерістер енді
15 сәуірде аудандық мәслихаттың VII шақырылымдағы кезектен тыс XV сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов төрағалық еткен сессия отырысында алты мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов таныстырды.
Сессияда қаралған «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы құрамын бекіту туралы», «Қаратөбе ауданы әкімі жанынан кәсіпкерлердің Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші органының құрамын бекіту туралы» шешім жобаларын Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының біріңғай персоналды басқару қызметі және мемлекеттік құқықтық жұмыстарбөлімінің бас инспектор-заңгері Набира Марбанова депутаттардың бекітуіне ұсынды.
Отырыста қаралып, депутаттардың дауыс беруіне ұсынылған барлық мәселелер бірауызан мақұлданып бекітілді.
Күн тәртібіне ұсынылған Қаратөбе аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының қабылдануы кешіктірілуіне байланысты сессия жұмысында заңнамада көрсетілген мерзімге үзіліс жариялауға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиев ұсыныс жасады.
Сессия жұмысына үзіліс жариялау депутаттардың дауыс беруімен бірауыздан мақұлданды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті