



«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, өз жобаларын қорғады.
Кәсіп ашуға ниеттілердің ауданымызда соңғы 6 легі оқуын бітіріп, сертификаттарын қолдарына алды.
Бағдарлама шарттарына сай жобаға ауданымыздың жұмыссыздары мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысуда.
Бизнес тренер Жанат Тілесова талапкерлерге «Бастау бизнес» жобасы аясында 12 модуль, кәсіпкерлік негіздерін және «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 10 модульден тұратын кәсіпке үйретті.
Қатысушылар аудандық арнайы комиссияның алдында өз жобаларын қорғады.
Оқу курсында жас кәсіпкерлерге өзінің бизнес жоспарын құрып 100 және 200 АЕК көлемінде грантқа және жеңіл пайызбен несиеге қатыса алатындығы түсіндірілді.
«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша бітірген 47 адам 200 АЕК 100 % өз кәсібін ашып жұмыстануда.
Алтыншы лекте оқығандар 58 адам бітіріп, 65 адам қорғады. Себебі үстіміздегі жылы «Бастау бизнесті» оқыған 7 адам келіп қорғап, грантқа қатысуға мүмкіндік алып отыр.